Қазақстандық сейсмологтар Қытайдағы жер сілкінісін тіркеді

454

Бүгін, 20 қазанда таңертең Қытай аумағында жер сілкінді.

Қазақстандық сейсмологтар Қытайдағы жер сілкінісін тіркеді Фото: gov.kz

Жерасты дүмпулерінің магнитудасы 4,9-ды құрады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстанның Ұлттық деректер орталығының жедел ақпаратына сәйкес, жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 05:56-да тіркелген.

Зілзаланың эпицентрі Қазақстан шекарасынан оңтүстік-батысқа қарай шамамен 340 шақырым қашықтықта орналасқан.

Қазақстан аумағында жер сілкінісінің сезілгені туралы ақпарат жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу