Қазақстандықтар қазан айында қанша күн демалады?

479

Қазан айында демалыс күндері мен мерекені қоса алғанда 9 күн демалыс бар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстандықтар қазан айында қанша күн демалады? Фото: freepik

Қазақстанда 25 қазанда Республика күні аталып өтеді. Бұл мереке 2025 жылы сенбі күніне сәйкес келеді. Сондықтан ол күннің демалысы 27 қазан, дүйсенбіге ауыстырылады.

Осыған байланысты 5 күндік жұмыс кестесімен еңбек ететін қазақстандықтар қатарынан үш күн – 25, 26 және 27 қазан күндері демалады.

Айта кетейік, қазан айында демалыс күндері мынадай болады:

  • 4, 5 қазан (сенбі, жексенбі);
  • 11, 12 қазан (сенбі, жексенбі);
  • 18, 19 қазан (сенбі, жексенбі);
  • 25, 26, 27 қазан (сенбі, жексенбі, дүйсенбі).

Сондай-ақ, қазан айында кәсіби және өзге де мерекелер – ұлттық және мемлекеттік мерекелер мәртебесі берілмеген, азаматтардың жекелеген санаттары атап өтетін мерекелер бар.

Кәсіби мерекелер демалыс күндері болып табылмайды. Бірақ әріптестеріңізді, таныстарыңыз бен жақын адамдарыңызды құттықтаудың жақсы себебі болып табылады.

  • 1 қазан – Радио күні
  • 5 қазан – Мұғалімдер күні
  • 6 қазан – Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күні
  • 10 қазан – Қазақстан кәсіптік одақтарының күні
  • 19 қазан – Құтқарушы күні
  • 19 қазан – Орман шаруашылығы қызметкері күні (қазанның үшінші жексенбісі)
  • 24 қазан – Кітапханашы күні
  • 26 қазан – Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні (қазанның соңғы жексенбісі)
  • 29 қазан – Күзет ұйымдарының қызметкерлері күні
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу