"Қазгидромет" РМК 26 мамырға арналған дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Синоптиктердің болжамынша, елдің батысы, солтүстігі мен оңтүстігіндегі бірқатар өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде дауыл, тұман және шаңды дауыл күтіледі.
Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы және Қарағанды облыстарының жекелеген аудандарында жаңбыр мен найзағай болжанып отыр. Кей өңірлерде желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Қызылорда, Атырау және Абай облыстарында шаңды дауыл күтілсе, Маңғыстау, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында тұман түсуі мүмкін. Шығыс Қазақстан облысында түнде 2 градусқа дейін үсік жүреді.
Сонымен қатар Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қызылорда, Түркістан, Алматы, Жетісу, Қарағанды, Ұлытау, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.