Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

315

28 мамырда елдің бірқатар өңірінде дауыл мен бұршақ күтіледі.  

Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды Фото: kyn.kz

"Қазгидромет" РМК 28 мамырға арналған дауылды ескерту жариялады. Синоптиктердің болжамынша, елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей өңірлерде бұршақ, дауыл және қатты жел күтіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жаңбыр мен найзағай болжануда. Астанада күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Үш қалада да желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Ұлытау, Қарағанды, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында жаңбыр, найзағай, бұршақ пен дауыл күтіледі. Кей өңірлерде желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшеюі мүмкін.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарында да ауа райы құбылмалы болады. Таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсуі ықтимал.

Сонымен қатар бірқатар өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталып отыр. Мамандар тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға және ауа райы болжамын қадағалап отыруға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу