Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

316

29 мамырда еліміздің бірнеше өңірінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл және қатты жел күтіледі. Кей аймақтарда жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.  

Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды Фото: КП-Хабаровск

"Қазгидромет" мәліметінше, 29 мамырда Қазақстанның көптеген өңірінде қолайсыз ауа райы болжанып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бірқатар облыста жаңбыр, найзағай, бұршақ пен дауыл күтілсе, кей жерлерде желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында қатты жаңбыр мен найзағай болжануда. Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында шаңды дауыл күтіледі.

Астана қаласында жел күшейсе, Алматыда күндіз өткінші жаңбыр мен найзағай болуы ықтимал.

Сонымен қатар бірнеше өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталып отыр. Мамандар тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға және ауа райы болжамын қадағалап отыруға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу