Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

305

Найзағай, бұршақ пен қатты жел күтіледі, ал оңтүстік пен шығыста аптап ыстық пен өрт қаупі сақталады.  

Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды Фото: Sn.kz

12 маусымда еліміздің көптеген өңірінде жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел күтіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

 Дауылды ескерту Астана қаласы мен бірнеше облыста жарияланды.

Синоптиктердің мәліметінше, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында найзағай ойнап, кей жерлерде бұршақ пен дауыл болады. Желдің екпіні 15-25 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.

Атырау облысында ауа температурасы 35-36 градусқа дейін көтерілсе, Шығыс Қазақстан, Абай, Алматы және Жетісу облыстарында қатты ыстық сақталады. Ал 13-20 маусым аралығында шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде ауа температурасы 38 градусқа дейін жетеді.

14-21 маусым аралығында Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарында 35-40 градус ыстық болжанса, 17 маусымнан бастап кей аудандарда сынап бағаны 43 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.

Қатты ыстыққа байланысты елдің басым бөлігінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Сондай-ақ Жетісу облысындағы Алакөл көлдері ауданында желдің екпіні 30 м/с және одан да жоғары болуы ықтимал.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу