17 маусымда еліміздің көптеген өңірінде жаңбыр, найзағай, бұршақ және желдің күшеюі болжанып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Астана мен Шымкентте найзағайлы жаңбыр күтілсе, Алматыда аздаған жаңбыр жауып, ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі.
Синоптиктердің мәліметінше, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды және Ұлытау облыстарында жаңбыр, найзағай, бұршақ пен дауыл болуы мүмкін.
Сонымен қатар елдің шығыс және оңтүстік өңірлерінде аптап ыстық сақталады. Алматы, Жетісу, Абай, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарында ауа температурасы 35-43 градусқа дейін жетеді.
Қатты ыстыққа байланысты республика өңірлерінің басым бөлігінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталып отыр. Синоптиктер тұрғындарды ауа райының қолайсыз құбылыстарына байланысты сақтық шараларын сақтауға шақырды.