Еліміздің басым бөлігінде қар жауады

157

"Қазгидромет" 3 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Еліміздің басым бөлігінде қар жауады Фото: mk.ru

Синоптиктердің мәліметінше, елдің солтүстігі, орталығы және шығысында фронталды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Батыс өңірлерде жаңбыр мен қар түріндегі аздаған жауын-шашын күтіледі. Ал оңтүстікте антициклон әсерінен күн ашық болады.

Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.

Сондай-ақ, солтүстік, оңтүстік-шығыс және орталық өңірлерде жаяу бұрқасын күтілсе, желдің күшеюі ықтимал.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу