Үш облыста жол жабылды

515

Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан облыстарында ауа-райының қолайсыздығына байланысты тас жолдар жабылды. 

Үш облыста жол жабылды Фото: Pixabay

20 қаңтар, сағат 10.00-дегі ахуал бойынша ауа-райының қолайсыздығына байланысты 3 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, деп жазады inbusiness.kz QazAvtoJol Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Жамбыл облысында:

1."Алматы-Ташкент-Термез" 159-238 км, Кенен а.-Қайнар а. (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады) - 79 шақырым. 

Жетісу облысында 

1. "Үшарал-Достық" 84-184 км, Көктұма ст. - Достық ст. - 100 шақырым. 

Батыс Қазақстан облысында  2 учаске жабылды:

1. "Орал-Тасқала-РФ гр." 4-104 км, Орал қ.- РФ шек. - 100 шақырым. 

2. "Самара-Шымкент" 195-246 км, РФ шек-Орал қ. – 51 шақырым.

Дәл қазір республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстау үшін 373 бірлік арнайы техника мен 636 жолшы жұмылдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу