Азат Азаматов жол көлік оқиғасынан 4 күн бұрын жұмыстан шыққан

823

Алматы полициясы блок бекетте болған жол апатына айыпты, бұрынғы полиция қызметкері туралы мәлімет таратты.  

Азат Азаматов жол көлік оқиғасынан 4 күн бұрын жұмыстан шыққан

"Азат Азаматов ішкі істер органдарында 2014 жылдың 30 сәуірінен 2020 жылдың 21 мамырына дейін Патрульдік полиция инспекторы болып жұмыс істеген. Жол апатынан 4 күн бұрын ол өз еркімен қызметінен кеткен. Жауапкершілігінің төмен болуына байланысты қызмет еткен жылдары 4 рет тәртіптік жазаға тартылып, бірде-бір рет ынталандыру сыйақысын алмаған", – деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар ПД баспасөз қызметі айыпталушының жол апаты кезінде мас болғанын атап өтті.

"Оны сот-наркологиялық сараптама көрсетті. Сараптама қорытындысына сәйкес, ол орташа дәрежелі мас болған. 25 мамырдағы жол апатынан соң, жеке құраммен профилактикалық жұмыс ақсап тұрғандығы туралы қорытынды шығарылды. Одан бөлек, БАҚ-қа жаңсақ ақпарат берілгеніне байланысты сын айтылды", – деп жазылған хабарламада.

Қазір аталған іс бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Күдікті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 1-бөлігіне сәйкес 7-ден 10 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.  

Еске сала кетсек, 25 мамыр таңғы сағат 05:30 шамасында BMW маркалы көлікті тізгіндеген жүргізушісі мас күйінде блок бекетте тұрған полиция көлігіне соғылды. Салдарынан екі полиция қызметкері көз жұмды. Ал планшетпен тұрған үшінші полицей ауыр хәлде ауруханаға түсіп, 8 мамырда есін жиды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу