Азат Перуашев: "Ақ жол" партиясы сайлаудағы бірқатар заң бұзушылық бойынша өтініштер дайындап жатыр

936

Бұл туралы 20 наурыз күні партия төрағасы Азат Перуашев мәлімдеді.  

Азат Перуашев: "Ақ жол" партиясы сайлаудағы бірқатар заң бұзушылық бойынша өтініштер дайындап жатыр Фото: akzhol.kz

Ол 19 наурызда өткен сайлау кезіндегі бірқатар заң бұзушылық бойынша партияның Орталық сайлау комиссиясы мен ҚР Бас прокуратурасының атына өтініштер дайындап жатқанын мәлімеді, деп жазады inbusiness.kz.

"Кешегі экзитпул бірқатар сұрақтар қалыптастырды. Қорытынды шығарып, анық-қанығына көз жеткізуді жалғастырамыз (маслихаттар сайлауын қоса алғанда). Сонымен қатар, ОСК мен Бас прокуратураға жаңа сауалдар дайындаудамыз", - деді ол.

Азат Перуашевтың айтуынша, өтініш бюллетеньдерді көптеп тастау, бірқатар сайлау учаскелеріндегі дауыстарды санауға байқаушыларды жібермеу, хаттамалардың көшірмелерін беруден немесе тіпті нәтижелермен танысудан бас тарту фактілері және т.б. қатысты болады.

"Мысалы, Жамбыл облысында бірқатар сайлау учаскелерінде байқаушылар әлі де учаскелерде жүр, оларға хаттамалар берілмеуде. Бұған дейін сайлау күні біз 17 заң бұзушылық фактісі бойынша ОСК-ға 9 хат және дәл сонша Бас прокуратураға да жолдаған болатынбыз", - деп жазды партия төрағасы өзінің Telegram каналында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу