Азат Перуашев "Арселомиттал Теміртау" компаниясына шүйлікті

930

Мәжіліс депутаты "Арселомиттал Теміртау" компаниясы кірісін азайтып көрсетіп, офшорға заңсыз ақша аударып жатқанын мәлімдеді.  

Азат Перуашев "Арселомиттал Теміртау" компаниясына шүйлікті

"АрселлорМиттал Теміртау" компаниясына айып тағылды , деп хабарлайды Atameken Business.

Бүгін Мәжіліс депутаты Азат Перуашев "шикізат гиганты кірісін азайтып көрсетіп, офшорға заңсыз ақша аударуда" деп тосын мәлімдеме жасады. Өзінің Үкімет басшысы мен Бас прокурорға жолдаған депутаттық сауалында ол "АрселлорМиттал Теміртау" отандық компаниялардың алдында көрсетілген қызметі мен пайдаланылған тауары үшін берешегін өтемей отыр. "Қазірдің өзінде болат өндіруші мекеме қазақстандық компанияларға 1 млрд теңге қарыз" деді депутат. Сондай-ақ Перуашев "АрселлорМиттал Теміртау" компаниясы Қазақстаннан қазып алынған темірді өзінің Біріккен Араб Әмірліктеріндегі компаниясына тоннасына бір доллар ғана қосып сатып отырған. Кейін ол компания болатты әлемдік нарықтағы баға бойынша сатылымға шығарған. Тиісінше елімізге төленетін салық та металдың тоннасына қосылған бір доллардан ғана алынып отырғанын айтты депутат.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу