Азат Перуашев Біртановқа қатысты шығарылған Сот үкіміне қатысты пікір білдірді

656

Депутаттың пікірінше, ерте ме, кеш пе Елжан Біртанов ақталады.  

Азат Перуашев Біртановқа қатысты шығарылған Сот үкіміне қатысты пікір білдірді Фото: newtimes.kz

Бұл туралы ол телеграмм каналында жазды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

“Елжан Біртанов адал адам, нағыз дәрігер, нағыз мемлекетшіл жан. Мен оны көп жылдан бері білемін және оның адалдығына бір сәт те күманданған емеспін”, деп жазды А.Перуашев.

Перуашевтің пікірінше Соттың жартылай шешімі негізсіз (ықпалды) айыптау мен сенімді (жүйеге кереғар) қорғаудың арасында “компромисс” табуға деген талпыныс.

“Өтірік пен шындықтың арасында компромисс болуы мүмкін емес. Ерте ме, кеш пе, Біртановтың толықтай ақталатынына күмәнім жоқ”, деп жазды Азат Перуашев.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу