Азат Перуашев: Офшордағы қаржының қайтарымы көпке жариялануы керек

946

 Азат Перуашев: Офшордағы қаржының қайтарымы көпке жариялануы керек

Заңдастыру барысында офшорлық есепшоттардан қанша қаржы қайтарылғанын және олардың қаншасы мәжбүрлі түрде тәркіленгенін қоғам білуі тиіс. Мәжілісмен Азат Перуашев үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев пен Бас прокурор Жақып Асановқа жолдаған депутаттық сауалында осы мәселені көтерді. Оның айтуынша соңғы 10 жылда елімізден 113 млрд доллар шығарылған. Оның 58 млрд доллары офшорлық есепшоттарға кеткен. Алайда олардың қайтарымы туралы нақты деректер жарияланбайды. Елден заңсыз аударылған қаржының көбі сыбайлас жемқорлықпен тікелей байланысты, - дейді депутат.

Азат Перуашев, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты

"Мысалға мемлекеттік компания медициналық құрал-жабдықты Маршалл аралдары арқылы төлем жүргізіп, орташа бағадан 4 есе қымбатқа сатып алады. Бұл Есеп комитетінің мәліметі. Ал еліміздің экономикасынан қанша қаржы жоғалып жатыр? Жұмыс орындары ашылмайды, инвестицияланбайды, өндіріс тежеледі. Таңқаларлығы мұндай шығындардың көлемі еліміздің жылдық Жалпы ішкі өнімімен пара-пар".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу