Әзірбайжан Қазақстанға өзінің телевизиялық контентін беруге дайын

650

Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаровтың Әзірбайжан Республикасы Президентінің көмекшісі – Әзірбайжан Республикасы Президенті Әкімшілігі сыртқы саясат бөлімінің жетекшісі Хикмет Гаджиевпен онлайн кездесуде айтылды.

Әзірбайжан Қазақстанға өзінің телевизиялық контентін беруге дайын

Кездесу барысында Қазақстанның Әзірбайжанмен ынтымақтастығы мен даму перспективалары, атап айтқанда, қазақстандық анимациялық-мультипликациялық фильмдерді дистрибуциялау, сериалдық және деректі өнімдермен алмасу, қазақстандық телеарналарды Әзірбайжан аумағында тарату мәселелері талқыланды, деп хабарлайды inbusiness.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Біз өз тәжірибемізді ортаға саламыз және әзірбайжандық әріптестер үшін анимациялық-мультипликациялық фильмдер жасау бойынша оқыту курстарын ұйымдастыруға дайынбыз", – деді Асқар Омаров және алдағы іс-шаралар аясында түркітілдес елдердің жастар саясатының презентациясын жасап, жастар ынтымақтастығын нығайтуды ұсыныс ретінде айтты.

Сондай-ақ Асқар Омаров әзірбайжандық мамандарды Орта Азиядағы басты шара – Astana Media Week-ке шақырды.

Өз кезегінде Әзірбайжан тарапы түркітілдес елдердің бірлескен анимациялық жобасын жасауды ұсынды, сондай-ақ Қазақстан тарапына өзінің телевизиялық контентін беруге дайын екендігін білдірді. Қазақстанның анимациялық фильмдер шығару жөніндегі тәжірибесіне қызығушылық танытты.

Сонымен қатар Хикмет Гаджиев Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы жастар ынтымақтастығын дамыту жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірлеуді ұсынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу