Azerbaijan airlines әуе компаниясы ұшақ апатының нақты себебі анықталғанша Махачкала, Грозный бағытындағы рейстерді тоқтатты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Хабар24-ке сілтеме жасап.
Компания өкілдері Ақтау маңыңда апатқа ұшыраған лайнер соңғы рет қазанда техникалық тексеруден өткенін мәлімдеді.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, кеше сағат 11:10-да Ақтау қаласының маңында "Баку-Грозный" бағытындағы ұшақ апатқа ұшыраған еді. Апатқа ұшыраған ұшақта 6 қазақстандық болған.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша мемлекеттік комиссия құрылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу