Әзербайжанның Azerbaijan Airlines әуе компаниясы Бакуден Ресейдің бірқатар қаласына ұшатын рейстерді тоқтатады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
AZAL баспасөз қызметінің хабарлауынша, мұндай шешімді елдің азаматтық авиация мемлекеттік агенттігі қабылдаған. Бұл Embraer ұшағының апатқа ұшырауын алдын ала тергеу нәтижелерін, сондай-ақ ұшу қауіпсіздігі үшін ықтимал қауіптерді ескере отырып жасалып отыр.
Осылайша әуе компаниясы 28 желтоқсаннан бастап соңғы тергеу жұмыстары аяқталғанға дейін Минеральные Воды, Сочи, Волгоград, Уфа, Самара, Грозный және Махачкалаға ұшатын рейстерін тоқтатады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу