AzerbaijanAirlines (AZAL) 2019 жылдың көктемінен бастап, Бакуден Алматыға тікелей рейс жасауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды LS.
AZAL баспасөз қызметі хабарлағандай, тап қазіргі уақытта әуе компаниясы Алматы әуежайынан тиісті рұқсаттарды алу үшін келіссөздер жүргізіп жатыр.
Сондай-ақ әуе компаниясы қазір өздерінің Қазақстанға тікелей ұшатын рейстері жоқ екенін айтты. Алайда код-шер келісім бойынша SCAT, AZAL әуе компанияларымен бірлесіп Ақтауға бірлескен рейстер жасалуда.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа рейстердің ашылуы үкіметаралық келісімдерге, әуе компаниясының қолжетімді флоты мен қазақстандық нарықта жолаушылар тасымалдауға деген сұранысына байланысты болады.