Әзербайжан – Қазақстан мұнайы үшін транзиттік аймақ

1194

Әзербайжан – Қазақстан мұнайы үшін транзиттік аймақ

Әзербайжан Қазақстан мұнайы үшін транзиттік аймақ болмақ. Елімізде, мұнай мен газды әлем нарықтарына Әзербайжан арқылы тасымалдау жөніндегі жұмыс тобы құрылады. Бұл туралы энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, жұмыс тобы әзербайжандық мұнай құбырларының мүмкіндігін тексермек. Сондай-ақ, сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін де жіті бақылайды. Алдын ала болжам бойынша оның өткізу қуаты 53-54 млн тоннаны құрайды. Қазақстан мұнайын тасымалдауды SOCAR Trading компаниясы іске асырмақ.

Бозымбаевтың сөзін сөзінше, инвестициялар Теңіз кенішіндегі жылдық өндіріс қуатын 12 млн тоннаға жеткізелді. Ал 2-3 жылдан кейін бұл көрсеткіш 39-40 млн тоннаға дейін баруы мүмкін. Сол кезде Әзербайжан құбырларының көмегі керек болады., -деді ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу