Әзербайжан 1 қыркүйекке дейін карантин режимін ұзартты

801

Бұған дейін шектеу мерзімі 1 тамызға дейін белгіленген болатын.

Әзербайжан 1 қыркүйекке дейін карантин режимін ұзартты

Әзербайжан билігі елдегі карантин режимін 1 қыркүйекке дейін ұзартты, деп хабарлайды Inbusiness.kz жергілікті басылымдарға сілтеме жасап. Бұл қаулыға ел премьер-министрі Әли Асадов қол қойды.

"Ел аумағында коронавирустық инфекцияның таралуын және салдарын тежеу мақсатымен Әзербайжан Республикасындағы карантиндік режим мерзімін 2021 жылғы 1 қыркүйекке дейін созу туралы шешім қабылданлы", – деп жазылған үкімет сайтында жарияланған құжатта.

Бұған дейін шектеу мерзімі 1 тамызға дейін белгіленген болатын. Соңғы мәлімет бойынша, бұл елде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 339 мыңнан асып, оның 5 мыңға жуығы дерттен қаза тапқан.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу