2021 жылы Әзербайжан Еуропаға 8 миллиард текше метр газ экпорттады, биыл оның көлемі 12 миллиард текше метрге дейін ұлғайтылмақ.
Бұл туралы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Сербия-Болгария газ интерконнекторының ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оның айтуынша, бұл Әзербайжан газының жалпы экспортының 50 пайызын құрайды.
"2027 жылға қарай Еуропаға жеткізілетін газ көлемі екі есе артуы керек",–деді ол.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу