Әзербайжан 71,3 млрд теңгені қайтарудың 3 жолын ұсынды

688

 Әзербайжан 71,3 млрд теңгені қайтарудың 3 жолын ұсынды

Ал Әзірбайжан халықаралық банкі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қыруар қаражатын қайтарудың 3 жолын ұсынды. Соның ең тиімдісін біздің тарап

таңдап алу керек. "Ресми Баку бұл мәліметті Лондонда шетелдік кредиторлармен кездесу барысында таратқан". Мұны Ұлттық Банк төрағасы Данияр Ақышев айтып отыр. Берешек алып банкротка ұшыраған бауырлас мемлекеттің банкі 250 миллион долларды, құны 200 миллон доллар болатын Әзірбайжанның мемлекеттік құнды қағаздарына айрбастауды ұсыныпты. Ал оны, алғашындағыдай 10 жыл емес, 12 жылда өтеп береміз депті. Бұл қағаздардың жылдық сыйыақы ставкасы 5 пайыз шамасында. Екінші нұсқа да тура осындай. Бірақ мемлекеттік құнды қағаздардың бағасы 250 миллион долларға тең. Алайда оны қайтару мерзімі 15 жыл және жылдық сыйыақы ставкасы бар болғаны 3 жарым пайызға дейін азаяды. Ал қарызды қайтарудың 3-ші жолы бұл 250 миллион долларды, Әзірбайжан халықаралық банкінің құны 250 миллион доллар болатын жаңа облигацияларына айырбастау. Көршілес ел жылдық сыйыақы ставкасы 3 жарым пайыз болатын бұл берешекетерін 7 жылда өтеп береміз деп уәде етіпті.

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы

Әзірбайжан халықаралық банкі ұсынған 3 жол да бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына тиімсіз. Себебі Инвестицияланған қаржат көлемі 250 миллион доллар болса олардыі жылдық сыйыақы ставкасы 8 пайыз шамасында еді. ЯғИнвесторлар, яғни біздің тарап қалай да болса ұтылып тұрмыз. Сондықтан ақшаны қайтарудың басқа жолын қарастырып жатырмыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу