Әзербайжан арқылы Ресейден Арменияға бидай жөнелтіледі

762

Жалпы салмағы – 490 тонна.  

Әзербайжан арқылы Ресейден Арменияға бидай жөнелтіледі Фото: agbz.kz

Әзербайжан арқылы транзитпен Ресейден Арменияға бидай жөнелтіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Trend.az агенттігіне сілтеме жасап. 

15 маусым күні Баладжары станциясынан Бёюк-Кясик станциясы бағытына пойызбен 7 вагон жөнелтіледі. Бидайдың жалпы салмағы – 490 тонна.

Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, бүгінге дейін Ресейден Арменияға Әзербайжан арқылы транзитпен 29 мың тоннадан астам астық, 6 мың тоннадан астам тыңайтқыш, 133 тонна алюминий және 68 тонна қарақұмық жеткізілген.

Бұдан бөлек осы уақытқа дейін Әзербайжаннан Арменияға мұнай өнімдері де экспортталды. Атап айтқанда, 12 мың тоннадан астам дизель отыны, 979 тонна АИ-92 бензині және 2955 тонна АИ-95 бензині.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу