Әзербайжан Арменияны атысты тоқтату келісімін бұзды деп айыптады

837

Армения Кельбаджар ауданына қарасты Зяйлик ауылы маңында орналасқан әскери позицияларға оқ атқан. 

Әзербайжан Арменияны атысты тоқтату келісімін бұзды деп айыптады

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі Армения атысты тоқтату туралы келісімді бұзды деп мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Ереван бұған дейін Гегаркуник облысындағы учаскеде атыс кезінде үш адамның қаза тапқаны және бес адамның жараланғаны туралы хабарлаған еді. Кейінірек Ереван мен Баку шекарада атысты тоқтату туралы келісімді растады. 

Әзербайжан Қорғаныс министрлігінің ақпараты бойынша, Армения Кельбаджар ауданына қарасты Зяйлик ауылы маңында орналасқан әскери позицияларды автоматтар мен гранатометтерден атқан көрінеді.

Қос ел арасындағы қарым-қатынас Таулы Қарабақтағы жағдайдан кейін шиеленісіп кетті. Әскери қақтығыстың соңы Әзірбайжан үшін тиімді келісіммен аяқталды. Құжатқа қол қойылғаннан кейін, Ереванда саяси дағдарыс басталды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу