Әзербайжан әскериі Армения шекарасында атыс салдарынан жарақат алды

644

Ол қазір ауруханада.

Әзербайжан әскериі Армения шекарасында атыс салдарынан жарақат алды

Әзербайжан Қарулы күштерінің әскери қызметкері Армениямен арадағы шекарада болған атыс салдарынан жарақат алды, деп хабарлайды Inbusiness.kz  республиканың қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне  сілтеме жасап.

"14 шілдеде армян қарулы күштерінің бөлімшелері армян-әзербайжан мемлекеттік шекарасындағы Әзербайжан әскерінің нысандарына оқ жаудырды. Салдарынан Ибадулла Марданлы есімді азамат жарақат алды", – деп жазылған хабарламада. 

Ведомствоның мәліметінше,оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ол дереу ол ауруханаға жатқызылған.

Еске сала кетсек, Таулы Қарабақтағы қарулы қақтығыс 2020 жылдың 27 қыркүйегінде басталып, аймақтағы ахуал ушығып кеткен еді. 9 қарашада Ресей президенті Владимир Путин, Армения премьер-министрі Никол Пашинян мен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев аймақтағы қарулы қақтығысты тоқтату туралы келісімге қол қойып, қос тарап бітімге келген болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу