SOCAR мемлекеттік мұнай компаниясы Әзербайжан газын экспорттауда жаңа кезеңді бастады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Компания оңтүстік газ дәлізінің еуропалық бөлігі – TAP (Трансадриатикалық газ құбыры) арқылы тасымалданатын газдың ірі көлемін Оңтүстік және Орталық Еуропа нарығына жеткізе бастады.
Атап айтқанда, 2026 жылдың қаңтар айынан бастап Әзербайжан газы басқа елдермен қатар Австрия мен Германиядағы сатып алушыларға да жеткізіліп жатыр.
Италия арқылы Австрия мен Германияға газ жеткізу Әзербайжан газының Еуропадағы географиялық аясын одан әрі кеңейтті. Осылайша, Әзербайжан газын тұтынатын елдердің саны 16-ға жетті.
SOCAR Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтің басшылығымен қалыптастырылған газ стратегиясына сәйкес, Еуропа мен Таяу Шығыс аймақтарында газды өткізу қызметін тұрақты түрде кеңейтіп, әртүрлі елдердің сатып алушыларымен ынтымақтастық аясын ұлғайтты. Осылайша Әзербайжан сенімді энергия жеткізуші ретіндегі позициясын нығайта түсті.