Әзербайжан балық өнімдерін Еуропаға нарығына шығармақ

170

Әзербайжанның Азық-түлік қауіпсіздігі агенттігі (АҚА) отандық азық-түлік өнімдерінің, әсіресе Еуропалық одақ (ЕО) елдеріне шығу мүмкіндігін кеңейту және экспорттық әлеуетті нығайту мақсатында реттеу және бақылау шараларын жалғастыруда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әзербайжан балық өнімдерін Еуропаға нарығына шығармақ Фото: azertag.az

АЗӘРТАДЖ агенттігіне АҚА-ның ақпараттық қамтамасыз ету және инновациялық шешімдер бөлімі хабарлағандай, аталған шаралар аясында аквакультурадан алынатын уылдырық өнімдеріне қатысты мониторинг жоспарларының табысты әрі тұрақты түрде жыл сайын жүзеге асырылуы нәтижесінде, аквакультурада өсірілген бекіре тұқымдас балықтардан алынған уылдырық өнімін Еуропа нарығына экспорттауға рұқсат 2025-2026 жылдарға да күшінде сақталып отыр.

Сонымен қатар, агенттік ЕО нарығына балық өнімдерін шығаруға жол ашу мақсатында арнайы мониторинг жоспарын әзірлеп, оны Еуропалық комиссияның Денсаулық сақтау және азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Бас директоратқа ұсынды.

Тиісті еуропалық құрылым техникалық бағалау жүргізгеннен кейін Әзербайжан балық өнімдерін ЕО-ға экспорттауға арналған бұл мониторинг жоспарын қабылдады.

Айта кетейік, ЕО елдеріне жануар тектес азық-түлік өнімдерін экспорттау рұқсатын алу үшін елдің азық-түлік қауіпсіздігі жүйесі, тиісті заңнамасы, бақылау және реттеу шаралары еуропалық заңнама талаптарына сай болуы қажет.

Бұл бағытта Әзербайжан өз міндеттемелерін кезең-кезеңімен орындап келеді және халықаралық серіктестерімен өзара сенімге негізделген ынтымақтастығын жалғастыруда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу