Әзербайжан банкіндегі берешекті қайтару шарасы күзде аяқталады

1042

Әзербайжан банкіндегі берешекті қайтару шарасы күзде аяқталады

Әзербайжан Халықаралық банкінің активіндегі зейнетақы облигацияларын қайтару жұмыстары қыркүйекте аяқталады. Бұл туралы қор басшылығы Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтты. Аталмыш банкке құйылған 250 млн доллар Әзербайжанның мемлекеттік бағалы қағаздарына айырбасталады. Ал оның қайтару мерзімі 15 жыл, ал мөлшерлемесі 3,5 пайызды құрайды. Қазіргі таңда үкімет те, Ұлттық банк те бұл бастаманы қолдап отыр. Ал келісімшарт әзірленіп жатыр. Сондай-ақ, Нұрбибі Наурызбаева айтуынша, бүгінгі таңда қордың 21 эмитентінің жалпы қарызы 40 млрд теңгеге жеткен.

Нұрбибі Наурызбаева, "БЖЗҚ" АҚ басқарма төрайымы:

"2014 жыддан бастап берешектің 1 млрд 600 млн теңгені қаражат есебінде келді. 2 эмитент реабилитация процедурасында. 13 эмитентке сот шешімі қабылданған. 5 эмитент банкрот болған".

Айта кетейік, зейнетақы қоры жыл басынан бері 15 млрд теңге үнемдеген. Ал жыл соңына дейін үнемделген қаражат қоры 30 млрд теңгені құрайды деп жоспарланып отыр. Басшылықтың айтуынша, шығындарды оңтайландыру жұмыстары жүріп жатыр. Кейбір қызметтер онлайн-форматқа көшірілді. Сондай-ақ, мамыр айынан бері 290 қызметкер қысқартылған. Осылайша айлық жалақыға кететін шығындар 2,4 млрд теңгеге немесе 23 пайызға азайған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу