Әзербайжанның үкіметтік емес ұйымдарының (ҮЕҰ) өкілдері Ресей әскери күштерінің уақытша бақылауындағы аумақтарды бақылауға тыйым салуды айыптай отырып, акция ұйымдастырды.
Акцияға қатысушылар Шуши қаласының маңындағы Ресей әскери бекетінде жиналып, Әзірбайжанның Қарабақ экономикалық аймағындағы кен орындарын заңсыз пайдалануға жол берілмейтінін атап өтті.
Наразылық білдірушілер Ресей тарапынын қолбасшысы Андрей Волковтың келуін талап етті.
Әзербайжан белсенділері Қарабақ армяндарын наразылық акциясына қосылуға шақырды.
Ресей күштерінің қолбасшылығымен келіссөздер нәтижесінде өткен аптада армяндар тұратын Әзербайжан аумақтарында Қызылбұлақ алтын кеніші мен мыс-темір кенішін инспекциялау туралы келісімге қол жеткізілді. Алайда армяндар Әзербайжан мамандарын аймаққа кіргізбеді.