Әзербайжан экономикасы мұнайға ғана қарап отырған жоқ

619

Әзербайжанның мұнайға қатысты жоқ экспортының көлемі осы жылдың қаңтар-ақпан айларында 651,4 млн долларды құрады.  

Әзербайжан экономикасы мұнайға ғана қарап отырған жоқ Фото: azertag.az

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36,6%-ға көп, деп хабарлайды inbusiness.kz республиканың Экспорт пен инвестицияларды ынталандыру агенттігіне (AZPROMO) сілтеме жасап.

Ақпан айында Оңтүстік Кавказдың ең ірі экономикасы мұнай өнімдерінен бөлек тауарларды шамамен 367 миллион долларға экспорттады, яғни бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 50%-ға артық.

2022 жылы Әзербайжанның мұнайға қатысы жоқ экспортының құны 2021 жылмен салыстырғанда 12,3%-ға өсіп, $3,048 млрд құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу