Әзербайжан Батыс Қазақстан облысынан бір миллион тонна астық сатып алады. Бұл туралы Қазақстандағы Әзербайжан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Рашад Маммадов мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.
Батыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасында Әзербайжаннан келген делегациямен кездесу өтті. Делегация басшысы Рашад Маммадов Әзербайжан мен БҚО арасындағы тауар айналымы 25%-ға өскендігін тілге тиек етті.
"Біз жыл сайын Қазақстаннан астық аламыз. Жоспар бойынша биыл 1 млн тоннаға жуық аламыз. Сондай-ақ, сіздерге өз өнімімізді экспорттаймыз деп отырмыз", – деді Р. Маммадов.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу