Әзербайжан елшісі еліміздегі Сенат сайлауын бақылайды

634

Сенат сайлауына халықаралық бақылаушыларды аккредиттеу аяқталды.

Әзербайжан елшісі еліміздегі Сенат сайлауын бақылайды

Қазақстанның сайлау туралы заңнамасы бойынша 9 тамыз күні сағат 18.00-де халықаралық бақылаушыларды тіркеу аяқталды. Бұл науқанға Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінен де бақылаушылар қатыспақшы. Атап айтсақ, Әзербайжан елшілігінен 2 өкіл, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия мемлекеттерінен бір-бір өкіл қатыспақ.

"Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бақылаушылар миссиясына Әзербайжанның Қазақстандағы Елшісі Рашад Маммадов  басшылық етеді. Сыртқы істер министрілігі бұл сайлауды бақылауға ниет танытқан 143 шетелдік бұқаралық ақпарат құралын аккредиттеді. Олар сайлау туралы заңнамаға сүйене отырып, халықаралық бақылаушылармен бірге науқанды бақылай алады", – деді Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу