Әзербайжан халқы Абайды тани түсті

1055

Әзербайжан халқы Абайды тани түсті

Әзербайжандықтар Абайдың өлеңдерін, қара сөздерін қазір өз тілдерінде оқып жүр. Бұған Бакуде осыдан 6 жыл бұрын ашылған қазақ тілі орталығының қосып отырған үлесі зор.

Бұл жерде қазақ тілінде сөйлесіп, қазақ мәдениеті жайлы пікірталас өткізіп, ұлтымыздың ұлыларының шығармаларымен танысуға болады. Баку мемлекеттік университетінің бір бұрышында қазақ тілінің, тарихының, мәдениетінің орталығы бар.

Қазақ тіліндегі туындыларды әзербайжанша сөйлету әдетке айналды. Қазақтың бай тілін аудару – ауыр шаруа. Алайда бұл орталық осы кезге дейін Абайдың жырлары мен қара сөзінен жинақ жасады.

Одан бөлек "Қыз жібек" лиро-эпосы да әзербайжан тілінде жарық көрді. Аударма авторы Рамиз Әскердің айтуынша, еңбек екі елде де қолдау тапты. Кітап тіпті Қазақстан Президенті кітапханасының сөресіне қойылған.

Орталықтағылар: "Қазақ әдебиеті өзге тілдерге аударылуы тиіс", – дейді.

Аудармашылар Мұхтар Әуезовтің "Абай жолын" әзербайжан тіліне тәржімалауды жоспарлап отыр. Себебі екі ұлт бір-бірінің әдеби мұраларын етене білсе, ел аралық достық та нығая түсер еді. Орталықтың түпкі мақсаты – осы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу