Әзербайжан Каспийдегі барлық кемеге дауыл туралы ескерту жіберді

457

"Әзербайжан Каспий теңіз кеме қатынасы" (ASCO) қатты желге байланысты Каспий теңізіндегі барлық кемелерге ескерту жіберді.  

Әзербайжан Каспийдегі барлық кемеге дауыл туралы ескерту жіберді Фото: 1news.az

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты теңіздегі кемелерге қауіпсіздіктің алдын алу шараларын қабылдау, қауіпсіз айлақтарға жету ұсынылады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Теңізге шықпақ болған кемелерге алдын-ала тоқтайтын айлақты ойластыру тапсырылды. Порттарда тұрған кеме капитандарына олардың қауіпсіз тұрағын қамтамасыз ету тапсырылды.

Әзербайжан экология және табиғи ресурстар министрлігінің Ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің ақпараты бойынша, осы сейсенбінің екінші жартысынан бастап 10 ақпанның екінші жартысына дейін Каспий теңізі акваториясындағы солтүстік-батыс желдің жылдамдығы 18-23 м/с, екпіні 25-28 м/с дейін жетеді, ал толқындардың биіктігі 3-5 метр, кейде 6-8 метрге дейін баруы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу