Әзербайжан қауіпсіздік комитеті Қарабақтың бұрынғы президенттерін ұстады

336

Қарабақ парламентінің бұрынғы спикері Давид Ишханян да ұсталған.

Әзербайжан қауіпсіздік комитеті Қарабақтың бұрынғы президенттерін ұстады Фото: APA

Әзербайжанның Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі мойындалмаған Таулы Қарабақ республикасының бұрынғы президенттері Аркадий Гукасян мен Бако Саакянды ұстап, Бакуге жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz APA-ға сілтеме жасап.

Сондай-ақ, Қарабақ парламентінің бұрынғы спикері Давид Ишханян да ұсталған. Үшеуіне де қатысты қылмыстық іс қозғалғаны айтылды.

Гукасян 1997-2007 жылдар аралығында Қарабақ көшбасшысы болды, ал Саакян оның орнын басып, 2007-2020 жылдар аралығында мойындалмаған республиканы басқарды. Ишханян 2023 жылдың тамызынан бастап ТҚР Ұлттық жиналысының төрағасы болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу