Бұл туралы "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ басқарма төрағасы Олжас Сәкенов мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Оқу әзербайжан, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Тілді тиісті деңгейде меңгермеген үміткерлер тегін тілдік дайындықтан өте алады. Қазақстандықтарға үкіметаралық гранттар аясында бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша Еуропа мен Азияның 10 елінде тегін оқуға 500-ге жуық грант жыл сайын бөлініп отырады. Бірқатар ел тілді меңгермеген үміткерлерге тегін тілдік дайындықтан өту мүмкіндігін береді", - деп атап өтті "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ басқарма төрағасы Олжас Сәкенов.
Әзербайжанның жоғары оқу орындарында тегін оқуға арналған конкурсқа қатысуға құжат қабылдау 2023 жылғы 9 маусымға дейін жалғасады. Өтінімдер eGov порталы арқылы, сондай-ақ Халықаралық бағдарламалар орталығының кеңсесінде қағаз түрінде қабылданады.
Грант тілдік курстардан өту, академиялық оқу, жатақханада тұру, медициналық сақтандыру шығындарын өтейді. Сонымен қатар студенттерге ай сайын стипендия төленеді.
Грант тағайындау конкурсына қатысуға негізгі критерийлер:
• бакалавр дәрежесін алуға үміткерлер үшін - негізгі орта білім туралы аттестат немесе куәлік және ағымдағы оқу жылындағы ағымдағы үлгерімі туралы табель/транскрипт немесе арнаулы орта білім туралы диплом орташа балының кемінде 4,0 (5,0-тен)балына сәйкестігі;
• магистр дәрежесін алуға үміткерлер үшін - бакалавр/маман диплом немесе ағымдағы үлгерімі туралы транскрипт орташа балының кемінде 3,0 (4,0/4,33-тен) балға сәйкестігі;
• ағылшын тілінде оқу үшін кемінде мынадай деңгейдегі қолданыстағы сертификат керек:
• "Бакалавриат" бағдарламасы үшін – IELTS 9.0-дан 5.0; TOEFL 120-дан 40; "Магистратура" бағдарламасы үшін – IELTS 9.0 - 9.0-дан 5.5; TOEFL 120-дан 50.