Әзербайжан Қазақстанға экспортын арттырды

183

Биыл қаңтар-наурыз айларында Әзербайжаннан Қазақстанға мұнай өнімдерін есептемегендегі экспорт 20,4 миллион долларға жетті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Әзербайжан Қазақстанға экспортын арттырды Фото: canva.com

Әзербайжанның Мемлекеттік кеден комитетінің мәліметіне сәйкес, бұл көрсеткіш 2024 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 8,7 миллион долларға немесе 73,8 пайызға жоғары.

Есепті кезеңде Қазақстанға экспортталған мұнайға қатысы жоқ өнімдер Әзербайжанның жалпы экспортының 2,64 пайызын құраған.

Осылайша, Қазақстан мен Әзербайжан мұнайға қатысы жоқ өнімдерді ең көп экспорттайтын елдердің ішінде 6-орында тұр.

Сондай-ақ, 2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы сауда айналымы 118,7 миллион долларға жетті.

Бұл көрсеткіш өткен жылдың сол кезеңімен салыстырғанда 47,9 миллион долларға немесе 67,6 пайызға жоғары. Есепті кезеңде Қазақстанмен сауда айналымы Әзербайжанның жалпы сыртқы сауда айналымының 1 пайызын құрады.

Айта кетейік, осы жылдың қаңтар-наурыз айларында Әзербайжанның сыртқы сауда айналымы 24,3 пайызға артып, 12 миллиард долларға барған.

Ел экспорты 6,7 пайызға немесе 401,75 миллион долларға өсіп, 6,4 миллиард долларға жетті, ал импорт 52,6 пайызға немесе 1,9 миллиард долларға өсіп, 5,7 миллиард долларды құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу