Әзербайжанда президент сайлауының алдын ала қорытындысы шықты, деп хабарлайды Trend-ке сілтемемен ҚазТаг.
"5 201 сайлау учаскесіндегі бюллетендерді санағаннан кейін қазіргі мемлекет басшысы, "Ени Азербайджан" партиясының төрағасы Ильхам Алиевтің 86% дауыс жинағаны белгілі болды", - дейді ОСК төрағасы Мазахир Панахов сайлау қорытындысына арналған шарада. - Әзірбайжан бірыңғай фронттық партиясының төрағасы (ПЕНФА) Гудрат Гасангулиев - 3,04, өз-өзін ұсынушы Захид Орудж – 3,11%, Әзірбайжан демократиялық партиясының төрағасы Сардар Джалалоглу – 3,02%, "Современный Мусават" партиясының төрағасы Хафиз Гаджиев – 1,51%, Әзірбайжан социал-демократиялық партиясының төрағасы Араз Ализаде – 1,39%, Ұлттық жаңғыру партиясының төрағасы Фарадж Гулиев – 1,18%, фронтшылардың бастамашыл тобының үміткері Рази Нуруллаев – 0,75% дауыс жинаған"
Дауыс беру кезінде республикада 125 сайлау округінде 5426 тұрақты және 215 уақытша
сайлау учаскесі жұмыс жасаған.
Сайлауға 894 халықаралық (61 ұйым, 59 ел) және 58175 жергілікті бақылаушы қатысқан.