Әзербайжан мен Армения басшылары Дональд Трампты Нобель сыйлығына ұсынбақ

217

Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Армения Премьер-Министрі Никол Пашинянмен бірге АҚШ Президенті Дональд Трампты Нобельдің бейбітшілік сыйлығына ұсыну мүмкіндігін қарастырып отырғанын мәлімдеді.

Әзербайжан мен Армения басшылары Дональд Трампты Нобель сыйлығына ұсынбақ Фото: rossaprimavera.ru

Бұл пікірін Ильхам Әлиев Вашингтонда Дональд Трамп және Никол Пашинянмен бірлескен баспасөз мәслихаты кезінде айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Мүмкін, Премьер-Министр Никол Пашинянмен келісіп, Нобель сыйлығы комитетіне ортақ бастама көтеретін шығармыз. Дональд Трамп бұл марапатқа әбден лайық, – деді Ильхам Әлиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу