Әзербайжан мен Армения бір-бірінің аумақтық тұтастығын мойындады

674

Делимитация жөніндегі комиссияның келесі отырысы Брюссельде өтеді.

Әзербайжан мен Армения бір-бірінің аумақтық тұтастығын мойындады

Чехия астанасы Прагада өткен Еуроодақ саммитінің алдында Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Франция Президенті Эммануэль Макрон, Армения премьер-министрі Никол Пашинян және Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған бейресми кездесу өткізді.

Негізгі жиыннан бөлек Еуропалық Одақ Кеңесінің төрағасы Шарль Мишель және Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Франция Президенті Эммануэль Макрон, Армения премьер-министрі Никол Пашинян тағы бас қосып бірлескен мәлімдеді жасады деп хабарлайды inbusiness.kz azertag.az агенттігіне сілтеме жасап.

Тараптар бұл делимитация жөніндегі комиссия қызметінің негізі болып табылатынын және келесі отырыс қазан айының соңында Брюссельде өтуі тиіс деп отыр. 

"Армения мен Әзербайжан Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына және 1991 жылғы Алматы декларациясына адалдығын тағы көрсете отырып, бір-бірінің аумақтық тұтастығы мен егемендігін мойындайды. Армения Әзербайжанмен шекарасына ЕО-ның азаматтық миссиясын жіберуге, ал Әзербайжан бұл комиссиямен ынтымақтасуға келісті. Миссия өз жұмысын қазан айында бастап, 2 ай ішінде аяқтайды", - делінген Елисей сарайының ресми сайтында жарияланған мәлімдемеде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу