Әзербайжан мен Армения бірін-бірі айыптауды жалғастыруда

625

Екіжақты айыптаулар бітімгерлік жайлы келісімге қарама-қайшы шекаралық атыстарға қатысты.

Әзербайжан мен Армения бірін-бірі айыптауды жалғастыруда

Әзербайжанның Қорғаныс министрлігі бүгін Арменияның қарулы күштері тарапынан оқ жаудырылды деп хабарлады.

Әскери ведомствоның хабарлауынша, 3 қазан күні кешке, сейсенбіге қараған түні, армян бөлімшелері Әзербайжан армиясының республиканың Товуз ауданының Зивел, Зялик және Истису, Ағдам және Гаралар елді мекендеріндегі позицияларына бағытталған әртүрлі калибрлі қарулардан қарқынды оқ жаудырған.

– Аталған бағыттарда орналасқан Әзербайжан армиясының бөлімшелері тиісті жауап шараларын қабылдады, – делінген хабарламада.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі тағы да "жағдайды мақсатты түрде шиеленістіру үшін барлық жауапкершілік Арменияның әскери-саяси басшылығына жүктелетінін" атап өтті.

Сейсенбі күні Арменияның Қорғаныс Министрлігі Әзербайжан тарапынан республиканың шекаралас аймағын атқылау туралы ақпарат таратты, оның барысында минометтер де қолданылғаны хабарланған.

13 қыркүйекке қараған түні армян-әзербайжан шекарасында қақтығыстар болғанын еске саламыз. 48 сағатқа созылған шиеленістен кейін тараптар 14 қыркүйекте 16.00-де (Мәскеу уақытымен 19.00) атысты тоқтату туралы келісімге келді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу