Әзербайжан мен Армения Мәскеуде келіссөз жүргізетін болды

672

Путин қос елдің Сыртқы істер министрлерін келіссөз жүргізуге шақырған еді. 

Әзербайжан мен Армения Мәскеуде келіссөз жүргізетін болды

Әзербайжан мен Армения Мәскеудегі келіссөздерге қатысатынын растады. Бұл туралы Ресейдің СІМ ресми өкілі Мария Захарова мәлім етті.Оның айтуынша, қазір осыған байланысты қызу дайындық жүріп жатыр.

8 қазанда Ресей президенті Владимир Путин қақтығысты тоқтатуға үндеп, екі елдің Сыртқы істер министрлерін келіссөздер жүргізуге Мәскеуге шақырған еді.

Еске сала кетсек, Таулы Қарабақтағы ахуал 27 қыркүйекте шиеленісіп кеткен еді. Қос тарап та соғыс жағдайын енгізіп, мобилизация жариялады. 

Баку мен Ереван Таулы Қарабақтың кімге тиесілі екенін 1988 жылдан бері шеше алмай келеді. Халқының басым бөлігін армяндар құрайтын Таулы Қарабақ 1991 жылы Әзербайжан КСР-дан тәуелсіз екенін жариялаған болатын. Баку бұл аймақты күшпен қайтармақ болып, оның арты соғысқа ұласып кетті. 1992-1994 жылдары болған қақтығыста Әзербайжан Таулы Қарабақ пен оған жақын орналасқан жеті ауданнан айырылып қалған болатын.

1994 жылы Әзербайжан, Армения және Таулы Қарабақ республикасы Ресейдің араласуымен уақытша бітімге келген. Бірақ сол уақыттан бері әскери әрекеттер тыйылмай келеді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу