Әзербайжан мен Армения нәсілдік өшпенділік пен сепаратизмді айыптады

144

Әзербайжан мен Армения төзімсіздікті, нәсілдік өшпенділікті және кемсітушілікті, сепаратизмді, күш қолданатын экстремизм мен терроризмнің барлық көрінісін айыптайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты АЗЕРТАДЖ басылымына сілтеме жасап. 

Әзербайжан мен Армения нәсілдік өшпенділік пен сепаратизмді айыптады Фото: АЗЕРТАДЖ

АЗЕРТАДЖ мәліметінше, бұл ұстаным Әзербайжан Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы бейбітшілік пен мемлекетаралық қатынастарды орнату туралы келісім мәтінінде көрініс тапқан.

Құжат мәтіні екі елдің сыртқы істер министрлері тарапынан келісілген.

Мәтінде сондай-ақ тараптар мұндай құбылыстарға өз юрисдикциясы шегінде қарсы күрес жүргізіп, тиісті міндеттемелерін орындайтыны атап өтілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу