Әзербайжан НАТО-ның теңіз қауіпсіздігі бойынша озық тәжірибе орталығына қосылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Caliber.Az-ға сілтеме жасап.
НАТО-ның Трансформация бойынша Одақтық командалық орталығында Әзербайжан, Португалия, Румыния, Түркия және Греция өкілдерінің қатысуымен іс-шара өтті.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, шарада Әзербайжанның НАТО-ның теңіз қауіпсіздігі бойынша үздік тәжірибе орталығына (DGMM/MARSEC COE) қосылуы туралы техникалық келісімге қол қойылды. Бұл орталықтың негізгі міндеті – теңіз қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мемлекеттерді осы саладағы міндеттемелерді орындауға ынталандыру.
Келісімге сәйкес, елдің Әскери-теңіз күштерінің өкілі үш жыл бойы DGMM/MARSEC орталығында еліміздің өкілі болып қызмет атқаратын болады.
Осылайша НАТО-ның теңіз қауіпсіздігі жөніндегі озық тәжірибе орталығында Әзербайжанның туы көтеріліп, елдің бір өкілі жұмыс істейтін болады.