Әзербайжан президенттігіне 15 кандидат бекітілді

365

Бұл туралы аталмыш елдегі Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Арифа Мұхтарова хабарлады. 

Әзербайжан президенттігіне 15 кандидат бекітілді Фото: ТАСС

Әзербайжан Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) 26 желтоқсанда президент болуға үміткер ретінде тағы 8 кандидатты бекітті. Бұл туралы inbusiness.kz сайты MEDIA.AZ ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Атап айтқанда, Сарван Керимовтің, Матлаб Муталлимлидің, Абуталыб Самедовтің, Фикрет Юсифовтің, Юсиф Багирзаденің, Юнус Огуздің және Гуламгусейн Алибейлидің кандидатуралары мақұлданды.

Агенттіктің мәліметінше, Сарван Керимов бұған дейін ғылыми жұмыспен айналысқан. Ал Матлаб Муталлимли мен Абуталыб Самедов – парламенттің экс-депутаттары. Фикрет Юсифов бұған дейін Қаржы министрлігін басқарған, Юсиф Багирзаде экс-депутат және ОСК-ның экс-мүшесі. Юнус Огуз –"Олайлар" газетінің бас редакторы, Гуламгусейн Алибейли – парламенттің экс-депутаты.

Осылайша, бекітілген үміткерлер саны 15 адамға жетті.

Еске сала кетейік, 19 желтоқсан күні Орталық сайлау комиссиясы "Жаңа Әзербайжан" партиясы атынан іс басындағы президент Ильхам Әлиевтің кандидатурасын бекітті. Сондай-ақ, ОСК Захид Оруджті (парламент депутаты), Фазиль Мустафаны (депутат, "Ұлы жасампаздық" партиясының басшысы), Эльшад Мусаевті ("Ұлы Әзербайжан" партиясының төрағасы), Гудрат Гасангулиевті (Біртұтас Әзербайжан халық фронты партиясының төрағасы) және Рази Нураллаевті ("Ұлттық фронт" партиясының төрағасы) бекітті.

Сайлау талаптарына сәйкес, кандидат ОСК-да тіркелуі үшін кем дегенде 60 сайлау округінде тұратын 40 мың дауыс берушінің қолтаңбасын ұсынуы тиіс.

Айта кету керек, Әзербайжанда кезектен тыс президент сайлауы келер жылдың 7 ақпанына белгіленген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу