Әзербайжанның Орталық сайлау комиссиясы Авез Темірханның 2024 жылғы 7 ақпандағы кезектен тыс президенттік сайлауға қатысуға тағы бір үміткер ретінде ұсынылуын мақұлдады. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Интерфакс-Азербайджан ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ресми мәліметтерге сәйкес, Президенттікке үміткерлер саны 17-ге дейін өсті. Қазіргі уақытта, қол қою парақтарын ұсынған және барлық қажетті рәсімдерден өткен 3 кандидат ресми тіркелді.
Үміткерлер арасында Әзербайжан Республикасының қазіргі Президенті Ильхам Әлиев, елдің әлеуметтік зерттеулер орталығының басқарма төрағасы Захид Оруж және Республиканың VI рет шақырылған Милли Мәжілісінің депутаты Рази Нуруллаев бар.
Ал қалған үміткерлер заңнамаға сәйкес, өз кандидатураларын тіркеу үшін қажетті іс-шараларды өткізеді.
Әзербайжан Республикасының заңнамасы бойынша, 2024 жылғы 3 қаңтарда Әзербайжанда кезектен тыс президенттік сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттардың кейбір іс-шараларды өткізуіне мерзімдері аяқталады.
Соның ішінде сайлау бюллетеньдерін дайындау, мәтінді және нысанын бекіту, олардың саны мен шығаруға қойылатын талаптар бар.