Әзербайжан прокурорлары ресейлік әріптестерімен бірге Azerbaijan Airlines Embraer ұшағының апатқа ұшырауын тергеу үшін Грозныйға келді. Тиісті ақпаратты Әзербайжан Бас прокуратурасының баспасөз қызметі таратты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Прокурорлар Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің тапсырмаларына сәйкес Ақтау маңында жолаушылар ұшағының апатқа ұшырау фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істің объективті себебін анықтау үшін шұғыл және қажетті шаралар қабылдап жатқаны айтылған.
"Осы мақсатта Бас прокуратураның бір топ қызметкері Грозный қаласына жіберіліп, Ресей Федерациясының Бас прокуратурасымен жасалған келісімге сәйкес осы мекемедегі әріптестерімен бірлесіп тергеу және басқа да процессуалдық әрекеттерді жүргізеді", – делінген хабарламада.