Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Әзербайжан әскери күштері Армения аумағын дрондардың көмегімен артиллериядан атып жатыр.
Армяндар арасында қаза тапқандар мен жаралылар бар. Елдің оңтүстігінде адамдар елді мекендерден эвакуациялануда.
Ереван Ресейден достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарт және ҰҚШҰ бойынша көмек сұрайды.
Сондай-ақ Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартты сақтау үшін БҰҰ-ға жүгіну жоспарлануда.
Динара Мұрат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу