Әзербайжан Президенті Сирияға энергетика, инфрақұрылым және қауіпсіздік салалары бойынша көп көмегін тигізген болатын. Осыған орай Ахмед аш-Шараа Ильхам Әлиевке алғыс айтты.
Келіссөздер барысында көшбасшылар Әзербайжан-Сирия-Түркия үшжақты ынтымақтастық форматын дамыту мәселелесін талқылады.
Екі елдің жоғары деңгейдегі ресми делегациясы мен іскер топ өкілдерінің өзара сапарларын жүзеге асыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Желтоқсан айында Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі бұл елдің Сириядағы гуманитарлық мәселелерді шешуге үлес қосуға дайын екенін мәлімдеген.
Бірер күн бұрын Нетаньяху кеңсесі Сириядағы жағымсыз оқиғалардың алдын алуға бағытталған деэскалация механизмін талқылау үшін Түркия мен Израиль делегацияларының Әзербайжанда кездесуін растады.