Әзербайжан мемлекеттік мұнай компаниясы (SOCAR) 1 тамыздан бастап Словенияға газ жеткізуді бастады. Бұл туралы кәсіпорынның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"2024 жылдың 1 тамызынан бастап SOCAR Словенияға газ жеткізуді бастады. Жеткізу осы жылдың 17 шілдесінде SOCAR мен Словенияның табиғи газ нарығындағы ең ірі Geoplin компаниясы арасында газбен жабдықтау саласындағы ынтымақтастықты кеңейту бойынша қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандумға сәйкес жүзеге асырылады", - делінген баспасөз хабарламасында.
Алайда экспортталатын газдың көлемі хабарламада көрсетілмеген. Словения әзербайжандық газды тұтынатын осымен 9-шы ел.